Татыр шайқасы болған жер

Татыр шайқасы Жангелдин ауданы Тәуіш ауылынан үш шақырым жерде болған. 1916 жылғы Торғай ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы Амангелді Иманов бастаған сарбаздар Торғайдан шыққан патшаның жазалаушы әскерін осы «Татыр» көлінің жағасында қалың қамысқа жасырынып күтіп, әскер алаңсыз жақындап келгенде тұтқиылдан шабуылдап жазалаушы әскерді талқандап жеңген. Толығырақ / Подробнее

Сарытүбек ауылы (Ахмет Байтұрсыновтың туған жері)

Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысы Торғай атырабындағы Сарытүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі  Байтұрсын Шошақұлы шаңырағында 1873 жылы дүниеге келген. Толығырақ / Подробнее

Омар құдығы (Ыбырай Алтынсариннің туған жері)

Омар құдығы – Алтынсарин ауданының көрікті жерлерінің бірі. Осы өлкеде Ыбырай Алтынсариннің атасы Балғожа бидің тұрағы орналасқан. Бұл жерде 1841 жылы ұлы ғалым, ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ы.Алтынсарин дүниеге келген. Толығырақ / Подробнее

Қобызшы Тілеп Аспантайұлының жерленген жері

Тілеп Аспантайұлы (1757-1820) Торғайдың маңайында дүниеге келген. 13 жасында ол қобызда ойнай бастады. Қазақтың музыка өнеріне зор үлес қосқан ол халық арасында халық емшісі, көріпкел ретінде де танымал болды. Толығырақ / Подробнее

Шоқай би Балқанұлының жерленген жері

Шоқай Балқанұлы (шамамен 1775-1858) – Үш жүздің биі және белгілі шешен, Жәңгір ханның серіктесі. Халық Шоқайды әулие деп білген, оның алдына жаңа туған нәрестеге бата алу үшін және болашағына  бағдар алу үшін мыңдаған шақырым жерден келетін болған. Толығырақ / Подробнее

Батыр Жабағы Ипанұлы жерленген жер

Аты аңызға айналған Жабағы батыр ХVІІІ ғасырда өмір сүрген және жауынгерлік ерліктерімен аты шыққан. Қыпшақ Қобыландының тікелей ұрпағы саналатын батыр туралы ел арасында аңыз-әңгіме жетерлік.

Толығырақ / Подробнее