Жәуке Назарғұлұлы кесенесі

Жәуке   Назарғұлұлы (1822-1904) – бүгінгі Қостанай облысы Амангелді ауданы Ақшығанақ қонысында дүниеге келген. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы күрескен батыр. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының төлек руынан шыққан. Толығырақ / Подробнее

Барақ Жанұзақұлы (Қарабалуанұлы) кесенесі

Барақ Жанұзақұлы (Қабалуанұлы) шамамен ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда, яғни 1696, кейбір деректерде 1722 жылы, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Алдияр ауылында туған. Өлген жылы белгісіз. Толығырақ / Подробнее

Екідің ғұрыптық ескерткіші

Екідің – VIII-IХ ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіштері шамамен ерте темір дәуірінде пайда болған. Ол ертедегі екі рәсімдік құрылыс жабайы тастан киіз үй тәріздес салынған. Толығырақ / Подробнее

Қамысты қорғанысы

Арқайым мекені – «Қалалар елі» атауына ие болған, б.з.д. III – II мыңжылдықтарда салынған, қола дәуіріне жататын монументалды қорғаныс қабырғалары бар қала – бекініс. «Қамысты» бекіністі қонысы – Қазақстан аумағындағы 4 мың жылдық тарихы бар жалғыз көне қоныс.Табиғи-географиялық жағынан келсек, бұл – Жайық пен Тобылдың сол жағалауларының арасы. Қос өзеннің ортасында орын тепкен, шөбі құнарлы өңір «Қалалар елі» атанған көне өркениеттің негізі болып саналады. Ғалымдар қазақстандық Арқайымды тарихи-мәдени мұрамыздағы бірегей құбылыс деп есептейді. Толығырақ / Подробнее

Кейкі батыр кесенесі

Нұрмағамбет Көкембайұлы – 1916 жылы Ресей патшалығының қазақтан әскерге адам алу туралы жарлығына қарсы көтерілген Торғай қазақтары көсемдерінің бірі. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы тарихындағы белсенді және аңызға айналған тұлға. Ол өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресті. Толығырақ / Подробнее

Әбдіғаппар Жанбосынұлы кесенесі

Әбдіғаппар Жанбосынұлы (1870-1919) бұрынғы Торғай облысы Торғай уезі Қараторғай болысында өмір сүрген. Қазақ халқының 1916-1917 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының Торғай даласындағы басшысы. Толығырақ / Подробнее

Амангелді Имановтың жерленген жері

Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылы ұлт – азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Толығырақ / Подробнее

Міржақып Дулатұлы кесенесі

Алаш көсемдерінің бірі, ХХ ғасырдың басында қазақ халқын отты өлеңімен оятып, өнер-білімге, еркіндікке үндеген Міржақып Дулатұлының туған жері – Торғай уезі Сарақопа болысының үшінші ауылы (қазіргі Қостанай облысының Жангелді ауданына қарасты  Қызбел ауылы). Толығырақ / Подробнее

Ыбырай Алтынсарин кесенесі

Ыбырай Алтынсарин  (шын аты – Ибраһим, 1841-1889) – қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин  қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектептің қалыптасуында терең із қалдырды. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Қостанай ауданы Арқарағай ауылы. Толығырақ / Подробнее