Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы туралы ақпарат

Орналасқан жері

Байланыс ақпарат

Директоры: Дюсибаева Дариха Туребаевна
Ресми сайты: kstounb.kz/ru
Мекенжайы: Қостанай қ., Алтынсарин көш. 111 үй.
Телефоны: 8(7142)500-354
Е-mail: dir_ounbkost1@mail.ru

Әлеуметтік желілер

 Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – облыстың ең ірі кітапханасы.

Кітапхана тарихы Қостанай қ. Халық үйінде алғашқы көпшілік кітапхана ашылған 1894 жылдан басталады. 1937 жылдың қаңтарында Қостанай облысының құрылуына байланысты кітапханаға облыстық кітапхана мәртебесі берілді. 1949 жылы орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың 120 жылдық құрметіне кітапханаға оның есімі берілді. Оған жазушының Торғай губерниясының Қостанай уезінің шаруаларымен хат алысуы себеп болды. 1979 ж. шілдесінде кітапхана қаланың орталығынан арнайы тұрғызылған, 6000 шаршы метр пайдалы алаңы, 500 мың томдық кітап қоймасы, оқырмандарға арналған 500 орындық жайлары бар үлгілік ғимаратқа көшірілді және әлі күнге осы жерде жұмыс істеп келеді.

Жұмыс істеген жылдарының барлығында кітапхана кітап пен кітап оқуды насихаттаумен айналысып келеді. Кітапханамыздың кітап қорының  жалпы саны 525 мың данадан астам.  Олардың көпшілік бөлігін оқырмандар қызмет көрсету бөлімдерінен үйлеріне ала алады. Қызмет көрсетуден басқа кітапхананың әр бөлімінде кітаптар мен мерзімді басылымдардың  көрмелері безендіріледі, кітапхана ішінде және кітапханадан тыс жерлерде түрлі тақырыпқа арналған көшпелі шаралар өткізіледі.

Кітапханалар әлеуметтік институт ретінде мемлекет саясатын қалың бұқараға таратушы болып табылады, сол себепті Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын жолдауында басымдылық берілетін бағыттар, сондай-ақ басқа да мемлекеттің маңызды құжаттары  жұмыстың басты бағдары болып табылады.

Қорларды сақтау және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында кітапхана процестерін цифрландыруға көп көңіл бөлінеді. Цифрлық нұсқаға түсіру бойынша екі жоба: «Облыс кітапханалары – өлке тарихының тамыршысы» (Қостанай облысының ретро газеттерін цифрлық нұсқаға көшіру)және «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» (өлкетану қорын цифрлық нұсқаға көшіру) жобасы жұмыс істейді. Кітапхана қабырғасында тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша тегін курстар өткізіледі. Кітапхананың http://www.kstounb.kz/kzресми сайтында кітапхананың барлық жұмысы: өткізілетін және өткізілген шаралар туралы ақпарат, толық мәтінді деректер базасы, жаңадан түскен кітаптар туралы ақпарат және т.б. көрініс табады.

Кітап пен кітап оқуды насихаттауға арналған шаралар мемлекеттік мекемелермен және шығармашылық өкілдермен (жазушылар, суретшілер, әртістер) тығыз байланыста өткізіледі. Кітапханада түрлі жылдары Сара Назарбаева, Әбіш Кекілбаев, Шыңғыс Айтматов, Шеголихин, Морис Симашко және басқалар қонақ болды.  2018 жылы «Еңбек Ері» құрметті атағының иегерлерімен және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге арналған «Үлкен еңбектің үлкен адамдары» кездесулер циклі жұмыс істей бастады. Жастарды тартуға көп көңіл бөлінеді, Қостанай қаласының ЖОО мен АООО студенттері қатысатын «Жастар» және «Ақ қауырсын» әдеби-пікірталас клубтары жұмыс істейді.

Өңіріміздің ірі шаралары кітапхананың қорынан алынып безендірілетін кітап көрмелерімен сүйемелденеді.

Кітапхана жұмысының маңызды бағыттарының бірі өлкетану болып табылады. 2017 жылы Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында құрылған Өлкетану бөлімі өз жұмысын бастады.

Кітапханада өткен ғасырлардан жеткен бағалы басылымдар, сондай-ақ қазіргі кездегі авторлардың қолтаңбалары қойылған кітаптар жинақталған сирек кітаптар мұражайы жұмыс істейді.

Кітапхана БАҚ белсенді ынтымақтастық орнатқан, іс-шаралар мен көрмелер туралы баспасөз бетінде мақалалар беріледі, кітапхананың қызметкерлері қостанайлық теледидар эфирінде жиі қонақ болып тұрады.

Кітапханамыз облыстың барлық кітапханалары үшін әдістемелік орталық болып табылады. Аудандық ОКЖ кітапханашылары үшін оқытушылық сабақтар мен тренингтер өткізіледі. Облыстық кітапхананың қызметкерлері республикалық және халықаралық деңгейдегі конференциялар мен жиындарға жиі қатысып отырады. 2017 жылы Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Мемлекеттік кітапханалардың қоғамның дамуына қосар үлесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Барлық конференцияға қатысушылар аталған шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтісті.

Жыл сайын кітапханаға оның шараларын тамашалау және оларға қатысу үшін 25 мыңнан астам адам келеді.