Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері дайындаған Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған «Тобыл жағалауындағы қала» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрмесі «ҚР Ұлттық Ұланының 6697 әскери бөлімі» РММ әскери құрамына таныстырылды.

Көрме бойынша экскурсия өткізіліп, сарбаздар қаламыздың құрылу тарихы, ерекше орындары мен көшелерінің тарихы бойынша мәліметтер алды.

Жылжымалы көрмеге тапсырыстарды 500-389 телефоны бойынша бере аласыздар. Көрме тегін жұмыс істейді.