2019 жылы 25-30 шілдеде Сардинияда (Италия) 43-ші жыл сайынғы «Паранзас Этноданза» Халықаралық фольклорлық би және музыка фестивалі өтеді.

Бұл шығармашылық жобаға Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдердің бірнеше рет қатысушылары мен лауреаттары болып жүрген екі жарқын шығармашылық ұжымы – «Ақжелең» фольклорлық музыка ансамблі және «Костанайские зори» би ансамблі қатысады.

Ұжымдардың халықаралық сапарларының географиясы өте кең: Болгария, Франция, Корея, Германия, Египет және т.б.

Жобаға қатысу, «Ақжелең» және «Костанайские зори» ансамбльдерінің шығармашылық дамуына қуатты серпін беретіні анық.