2019 жылдың 26 шілдесінде жас талант Анастасия Чернякинаның «Шабыт палитрасы» атты дербес көрмесі ашылды.

Дербес көрмеде автордың 41 гуашь техникасымен орындалған туындылары қойылған, ол – пейзаждар, анималистика жанры және тағы басқалар.

Шығармашылықпен айналысқанды ұнататын Анастасия өлең де жазады, өз ісіне деген ізденістен рухани ләззат алады, ол көңілі әрдайым ашық, мейірімді және өмірге құштар жан. Өз жұмыстарын мұқият және нәзік сезіммен, ең бастысы, қоршаған әлемге деген терең сүйіспеншілікпен және құрметпен жазады.

Жас автордың туындыларын салуға тек көркемдік шеберлігі, рухани ізденісі ғана емес, сондай-ақ ауыр дертіне қарамастан арнайы дене күшін де жұмсауына тура келеді. Анастасия Чернякинаның туындылары ерекше әсер мен жан-дүниесінен тұрады.