Қостанай облысы әкімдігінің  мәдениет басқармасы
бейнелеу және сәндік – қолданбалы өнердегі жас авторлардың
«Жас Толқын – 2019» Республикалық байқауы туралы хабарлайды

 

Ұйымдастырушылар:

«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ,

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ,

«ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ.

Байқаудың мақсаты:

  1. Жарқын және талантты жас суретшілерді анықтау.
  2. Бейнелеу өнерін насихаттау және Қазақстан өнерінің үздік дәстүрлерін сақтау.
  3. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді нығайту және этика-эстетикалық құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
  4. Жас суретшілердің кәсіби деңгейін арттыру және шығармашылық өсуін көтеруді ынталандыру.
  5. Қазақстанның заманауи бейнелеу өнерін және жас суретшілердің шығармашылығын қолдау.
  6. Өскелең ұрпақты көркем шығармашылық жанрына баулу.

Байқаудың міңдеттері:

  1. Қазақстан және Қостанай облысындағы сәндік-қолданбалы, заманауи бейнелеу өнерінің шығармашылық потенциалы және даму перспективаларын анықтау.
  2. Жаңа бейнелі және пластикалық шешімдерді, айқын көркем амалдар мен үлгілерді іздеу.
  3. Жастар аудиториясының шығармашылық жұмысын жандандыру, заманауи Қазақстандық бейнелеу өнері саласындағы жастардың шығармашылығына бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың назарын аудару.
  4. Қазақстан Республикасының көркемсурет мектептерінің бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің бірегей мәдени дәстүрлерін дәріптеу

Бағалау критерийі:

  1. Шығармашылық деңгейі жоғары, кәсіби және техникалық дағдыларға ие болу.
  2. Композицияның жаңашылдығы және бірегейлігі, туындының тұжырымдамалық идеясының батылдығы.
  3. Сюжеттің тарихи дәлдігі.
  4. Композициялық сюжеттерде және мотивтердегі патриоттық сезімнің байқалуы.
  5. Туындының көркемдік деңгейі.
  6. Этикалық және эстетикалық нормалардың сақталуы.
  7. Жұмыстың орындалу және рәсімдеу сапасы.

Конкурс шарттары:

  1. Конкурсқа 16-дан 35 жас аралығындағы, орта арнайы және жоғары өнер білімі бар, студенттер мен арнайы өнер оқу орындарының оқушылары, сондай-ақ әуесқой авторлар шақырылады.
  2. Конкурсқа рәсімделген және қол қойылған түпнұсқа жұмыстар қабылданады (аты-жөні, туған жылы, тұрғылықты жері, номинациясы, жұмыстың атауы).

          Туындылар 2018-2019 жж.бұрын жасалмауы керек.

Туындылардың рәсімделуі келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

«Станокты кескіндеме» номинациясында – жеңіл қарапайым жиектемелер, жұмысты ілу үшін бекітпелер, этикетаж;

«Графика» номинациясында – паспарту, шыныға салу, пластикке орналастыруға да болады, жеңіл жиектемелер, жұмысты ілу үшін бекітпелер, этикетаж;

«Мүсін» номинациясында – этикетаж;

 «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясында – этикетаж.

  1. Бір қатысушыдан әр номинация бойынша 3 жұмысқа дейін қабылданады. Конкурсқа ұсынылған қатысушылардың туындылары конкурс аяқталғаннан кейін лауреаттардан басқа қатысушыларға қайтарылады. Тапсырылған туындылардың сақталуына конкурс ұйымдастырушылары ресми құжат бойынша (қабылдау-тапсыру акті) тапсырылған сәттен бастап жауапты.
  2. Лауреаттардың туындылары Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ көркемсурет жиынтығы қорында қалады.
  3. Іріктеу кезеңінен өткен әр қатысушыға Сертификат, лауреаттарға -Диплом мен ақшалай сыйлықтар тапсырылады.

 

Конкурс 2 кезеңде өткізіледі:

1.Бірінші кезең – іріктеу.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылдың 15 тамызынан 15 қазанына дейін қабылданады. Қостанай облысында тұратын қатысушылардың өтінімдері түпнұсқа жұмыстармен бірге қолжазба немесе баспа түрінде (№1 қосымша) қабылданады.

Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің қатысушылары өтінімді (№1 қосымша) және рұқсаты 600 dpi кем емес jpeg форматындағы конкурстық жұмыстарының түсті фотосуреттерімен бірге электрондық поштаға жібереді.

Конкурс туралы ереже және пошта арқылы жіберілетін өтінім үлгісі Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Тәуелсіз қазылар алқасы ұсынылған фотосуреттер мен өтініштерді қарап шыққаннан кейін конкурстың ІІ кезеңіне өтетін қатысушыларды анықтайды. Қазылар алқасы конкурстық туындыларын Ережеге сәйкес бағалайды және конкурсқа қатысушының әрі қарай қатысуы туралы шешім қабылдайды. Қазылар алқасы Ережеге сүйене отырып, қатысушыны келесі кезеңге өткізбеуге құқылы. Белгіленген мерзімде іріктеу кезеңінен өткен қатысушыларға келесі кезеңге өтуі туралы электрондық поштаға шақыру жіберіледі. (шақыру жеке, сондай-ақ ортақ болуы мүмкін).

 

  1. Екінші кезең – қорытынды.

Қазылар алқасы номинациялар бойынша жеңімпаздарды бағалап, іріктейді. Екінші турдың қорытындысы бойынша байқауға қатысушылардың туындыларының көрмесі ұйымдастырылады.

Өткізу уақыты мен орны:

Қостанай облысының қатысушылары 2019 жылдың 15 қазанына дейін өз жұмыстарының түпнұсқасын және өтінім қағаздарын мына мекенжайға тапсыру керек: Қостанай қаласы, Алтынсарин  көшесі, 113.

Қазақстан Республикасының басқа облыстарының қатысушылары бірінші кезең – іріктеу кезеңі үшін өтінімдерін және конкурстық туындыларының түсті фотосуреттерімен бірге 2019 жылдың 15 қазанына дейін zhastolkin@mail.ru электрондық поштасына жібереді.

Тіркелу:

Қатысушыларды тіркеу, көрмеге қабылдау және іріктеу тәртібі Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде, Қостанай қ., Алтынсарин 113 мекенжайы бойынша өтеді.

Қатысушылардың келуі.

Екінші қорытынды кезеңге қатысуға шақыру алған Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің қатысушылары өтінімде көрсетілген авторлық түпнұсқа жұмыстарын 2019 жылдың 30 қазанына дейін ұсынады. Қорытынды кезеңге өткен Қазақстан Республикасының басқа аймақтарынан келген қатысушылар конкурстық жұмыстардың көрмесі мен марапаттау рәсіміне қатысады.

Жол, азық-түлік  және тұрғын үй қатысушының өз қаражаты есебінен.

Өтінім беріп байқауға қатысуға рұқсат етілген Қостанай облысының қатысушылары ІІ кезеңнің нәтижелеріне қарамастан марапаттау рәсіміне қатысады.

Қазылар алқасы:

Жұмыстарды тиісті бағалау критерийлеріне сәйкес 5 адамнан тұратын құзыретті қазылар алқасы бағалайды. Ұпай санына байланысты, әр номинация бойынша жеңімпаз анықталады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады. Қатысушылардың жалпы ұпайы тең болған жағдайда, жеңімпаз қазылар алқасының ашық дауыс беруімен анықталады.

Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

  1. Қазылар алқасының жұмысы және қорытындылау 2019 жылдың 16 қазанынан 31 қазанына дейін жүргізіледі.
  2. Қазылар алқасының ІІ кезеңнің нәтижелерін қорытындылау жөніндегі жұмысы 30 қазан сағат 11.00-де басталады.
  3. Қорытындылау, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау рәсімі – 2019 жылдың 31 қазанында.

 

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау:

Байқау жеңімпаздарын анықтау номинациялар бойынша жеке жүзеге асырылады. Әр номинация бойынша үш жүлделі орын иегерлеріне және Гран-при иегеріне Лауреат атағын беруді қарастырылады.

  1. Кескіндеме.
  2. Графика.
  3. Мүсін.
  4. Сәндік-қолданбалы өнер.

Қазылар алқасының шешімі бойынша кейбір номинациялар бойынша Лауреаттар атағы берілмеуі мүмкін.

 

Жүлделі орындар:

Гран-при – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 90 000 тг.

 

«Кескіндеме» номинациясы
1 орын – 1 дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлық;- 40 000 тг.
2 орын – 2 дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлық;- 30 000тг.
3 орын – 3 дәрежелі диплом және ақшалай сыйлық;-20 000 тг.

 

«Графика» номинациясы
1 орын – 1 дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлық;- 40 000 тг.
2 орын – 2 дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлық;- 30 000тг.
3 орын – 3 дәрежелі диплом және ақшалай сыйлық; -20 000 тг.

 

«Мүсін» номинациясы
1 орын – 1 дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлық;- 40 000 тг.
2 орын – 2 дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлық;- 30 000тг.
3 орын – 3 дәрежелі диплом және ақшалай сыйлық; -20 000 тг.

 

«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы
1 орын – 1 дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлық;- 40 000 тг.
2 орын – 2 дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлық;- 30 000тг.
3 орын – 3 дәрежелі диплом және ақшалай сыйлық; -20 000 тг.

 

Басқа шарттар:
Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

 

Байланыс телефондары: 8 (7142) 50-20-32, факс 50-28-88.
Біздің мекенжай: Қостанай қ. Алтынсарин 113.
E-mail: zhastolkin@mail.ru

Байланыс телефондары:
8 (7142) 50-20-32, факс 50-28-88.
E-mail: zhastolkin@mail.ru

Қосымша: Өтінім формасы