Қала күнін мерекелеу қарсаңында 2019 жылдың 9 – тамызында №9 ҚБ кітапхана-филиалында  Киев шағын ауданындағы жасөспірім балалар үшін «Тобыл жағалауында» атты іс-шара өткізілді.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Тобыл жағалауындағы қала» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрме барысында қала тарихы туралы дәріс оқыды. Іс-шараға қатысушылар Қостанайдың 140 жыл бұрын қалай құрылғандығы туралы көптеген жаңа және қызықты ақпараттарды білді, ол дала кеңістігіндегі шағын қаладан заманауи өндірістік, сауда және мәдени орталыққа айналды.