Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы

Кәсіпорынның негізгі міндеті халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаттары Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғырту, сақтау дамыту және тарату және мәдени құндылықтарды пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тартуға бағытталған шараларды қабылдау болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

  1. халық шығармашылығын және дәстүрлерін сақтау, насихаттау, оларды қазіргі тарихи және әлеуметтік жағдайларға бейімдеу;
  2. Қазақстан Республикасында аталатын мерекелерді, концерттерді, өлең және би мерекелерін, презентацияларды, фестивальдерді, байқауларды, айтыстарды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;
  3. практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру;
  4. мәдени-демалу қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені оқып білу, жинақтау, көпшілікке тарату, оны енгізу және тарату;
  5. облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелер, байқаулар, фестивальдерге қатысу арқылы үздік халық шығармашылығы ұжымдарын насихаттау;
  6. ұлттық мәдениетті сақтауға және дамытуға бағытталған мәдени-демалыс қызметі саласында, түрлі мәдени акциялар, бастамалар, инновациялық жобаларды және бағдарламаларды қолдау.
  7. кинобейнеқордың сақталуын қамтамасыз ету, кинотастапаларды тексеру және қалпына келтіру.

Байланыс нөмірлері:

56-24-28  –  директор
55-97-00  –  бас есепші
39-22-63  –  есепші
56-01-29  –  халық шығармашылық орталығы

Мекен жайы:  Қостанай қ. Лермонтова к-сі, 15 үй