2019 жылдың 26 қыркүйегі күні «Сарыкөл ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен,мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында және Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар:» бағдарламасы аясында Сарыкөл аудандық мәдениет үйінің қабырғасында «Тәтіқара жырау атындағы облыстық терме, жыр-дастан байқауы» өткізілді.

Аталған іс-шараға «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысыЗейнекин Бақытбек Жақсылықұлы және Қостанай облыстық Е.Өмірзақов атындағы филармониясының дәстүрлі әншісі, Қ.Р. Мәдениет саласының үздігіҚадіров Манапбек Сапарбайұлы қатынасты.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – Байзақов Мәди Дәндібекұлы (Қамысты ауданы)
I – Махат Жасұлан Сералыұлы (Қостанай ауданы)
II – Әли Қаныбек Рашитұлы (Қарабалық ауданы)
III – Нағашыбай Мұрат Жақсылықұлы (Меңдіқара ауданы)

Барлық қатынасқан жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.