Ағымдағы жылдың 29 қазанында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Пленарлық отырыс барысында келесі мәселелер қаралды: «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы», «Қостанай облысы мәдениет ұйымдарының бюджет қаражатының шығыстары мен жоспарлауын талдау», «Балалар және ауылдық кітапханаларды балалар әдебиетімен толықтыру саясаты мен жүйесі», «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының негізгі аспектілерін жүзеге асыру туралы. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің қызметі», «Тарихи-мәдени мұраны сақтау және Қостанай облысының мұражайлар желісін жаңғыртудың проблемалық мәселелері жөніндегі мұражайлардың жұмысы туралы», «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің көркемөнерпаздардың халық шығармашылығын дамыту жөніндегі қызметі туралы», «Ұжымдағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу».

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» семинар жұмысына облыстық мәдениет ұйымдарының басшылары мен бас бухгалтерлері, қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары қатысты.

Облыстың кітапхана саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапаттау рәсімі өткізілді.

Одан әрі жұмыс секциялар бойынша жалғасты.

Мемлекеттік мұражайлар басшылары мен қызметкерлерінің «Музей қызметіндегі сандық технологиялар: тәжірибе, перспективалар, проблемалар» атты отырысында «Сандық технологияларды қолдана отырып, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және репрезентациялау мәселелері», «Музейлік қор коллекцияларын сандық форматқа көшіру тәжірибесі», «Музей қызметінде сандық технологияларды пайдалану» және «Музей жәдігерлерінің цифрландыру жүйесі» баяндамалары тыңдалды.

Облыстық кітапханалар мен ОКЖ жетекшілері секциясының жұмысы кітапхана идеяларының семинар-фестивалі форматында өтті. Облыстың кітапхана саласындағы оң тәжірибесі қаралды: Майкөл және Мәскеу ауылдық кітапханаларының «Туған өлкеңді сүй және біл» жобасы; Владимиров ауылдық кітапханасының «Нұржан Наушабаев мұрасы» жобасы;

Наурызым ОКЖ көпшілік жұмысындағы жаңа идеялары; «Қарабалық жерінің маржаны» жобасы; Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК әдеби бірлестіктерінің жұмыс тәжірибесі; «Қостанай қаласы ОКЖ кітапханаларының креативті жұмыс түрлері». «Жарнама – табысқа жетер жол» байқауының қорытындысы шығарылды.

Аудандық Мәдениет сарайлары (үйлері) басшыларының секциясының жұмыс бағдарламасында: «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (Үлгілі) атағын беруге өтінімдер қабылдау» мемлекеттік қызметі туралы», «Қостанай облысының көркемөнерпаздар ұжымдарының қалыптасу және даму жолдары», «Вокал-концерттің басты жанры. Вокалдық жанрдың даму проблемалары туралы», «Би қойылымы-бұл тұтас өнер. Хореографияны одан әрі дамыту туралы», «Қазақ ұлттық шығармашылығын дамыту», «Цифрландыру – қазіргі және болашақ», «Жылдық есепті жасауға әдістемелік ұсынымдар».

Облыстық театрлар басшылары секциясының жұмысы барысында «Облыстық театрлардың шығармашылық өзара іс-қимылын нығайту және дамыту», «Театрдың сапалы жұмысының негізі ретінде шығармашылық құрамның кәсіби өсуі және біліктілігін арттыру» және «Дарынды жастарға арналған театр студияларының жұмысын ұйымдастыру» мәселелері қаралды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер әзірленді.