2019 жылғы 30 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Ғасырлар пернесі» қазақ халық ұлт-аспаптар ансамбльдерінің фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – қатысушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін және орындаушылық шеберлігін жетілдіру, ұлттық мәдениеттің біртұтастығын сақтау мақсатында орындаушылық өнерді жариялы ету, көпшілікке таныту ұлт аспаптар ансамбльдерінің сапалық артықшылықтарын көрсету, оның әуендік, әуездік жоғары мүмкіндіктерін анықтау, ұжымдармен, орындаушылармен одан әрі қарым-қатынас жасау және ынтымақтастық мақсатында шығармашылық тәжірибе алмасу.

Фестивальге әр ауданнан 7 ансамбль қатысты: «Асыл-Мұра» қазақ халық ұлт – аспаптар ансамблі, жетекшісі – Әли Қаныбек (Қарабалық ауданы); «Әйет» қазақ халық ұлт – аспаптар ансамблі, жетекшісі – Бейбітхан Арғынбек (Б. Майлин ауданы); «Мирас» қазақ халық ұлт – аспаптар ансамблі, жетекшісі – Оразалин Берік (Қостанай қаласы); «Дала сазы» қазақ халық ұлт-аспаптар ансамблі, жетекшісі – Сейілхан Алмас (Жангелдин ауданы); «Мұрагер» қазақ халық ұлт-аспаптар ансамблі, жетекшісі – Айбек Сыздықов (Алтынсарин ауданы); халықтық «Әуен» ансамблі, жетекшісі – Ахметов Кенжеболат (Амангелді ауданы); Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының қазақ ұлт-аспаптар ансамблі, жетекшісі – Қалибек Деріпсалдин (Қостанай қаласы); «Тобыл сазы» қазақ халық ұлт-аспаптар ансамблі, жетекшісі – Ерхан Түсіпбеков (Қостанай ауданы).

Қатысқан ансамбль ұжымдары алғыс хатпен және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Сонымен қатар, ансамбль ұжымдарына арналған шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қостанай Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі – Байназаров Батырбек Қасымұлы жүргізді.