2019 жылдың 15 тамызынан 31 қазанына дейін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде және «Жастар жылы» аясында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың Республикалық «Жас толқын» байқауын өткізді.

«Жас толқын – 2019» байқауына 131 жас суретшілер қатысты. Іріктеу кезеңінен кейін жүлделі орындарға 73 үміткер болды. Байқауда республика қалаларының авторларының жұмыстары ұсынылды: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент; аймақтар: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан. «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін», «Сәндік және қолданбалы өнер» номинациялары бойынша «Жас толқын – 2019» республикалық байқауының дипломаттары бағалы сыйлықтармен марапатталды, байқаудың іріктеу кезеңінен өткен барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен орындар келесі тәртіп бойынша бөлінді: гран-при иегері қостанайлық Арина Вакерова Құрмет дипломымен және 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды.

Орындар келесі ретпен бөлінді:

«Кескіндеме» номинациясы бойынша:
1-ші орын – Нұркенова Асель, Лисаков қ.
2- орын – Кладченко Елена, Лисаков.қ.
3- орын – Мағзұмова Алтынгүл, Арқалық қ.

«Графика» номинациясы:
1-ші орын – Темірғалиев Ерсін, Шахтинск қаласы (Қарағанды облысы)
2-ші орын – Ткаченко Марина, Қостанай қ.
3-ші орын – Садовникова Екатерина, Қостанай қ.

«Сәндік және қолданбалы өнер» номинациясы:
1-ші орын  – Тажиева Мариям, Нұр-сұлтан қ.
2-ші орын – Миллер Инна, Қостанай қ.
3-орын – Будзевич Ольга, Қостанай қ.

«Мүсін» номинациясы:
1-ші орын – Кислицин Егор, Қостанай қ.
2-ші орын – Мұрашбеков Абылай, Нұр-сұлтан қ.
3-ші орын – Бекмұхамбет Жандос, Қостанай ауданы.