«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» 2019 жылғы 1 тамыздағы № 322 қаулысына (2019 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8614 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген, Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміндегі:

реттік нөмірі 1113-жол, жаңа редакцияда жазылсын:

«

1113. Мемлекеттік бастауыш мектеп, Ұлы Отан соғысы жылдарында № 3598 госпиталь, XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы қала құрылысы және сәулет Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 68

».

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысының әкімі                                                           А. Мұхамбетов

 


 

Қостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасына түсіндірме жазба


р/с
Түсіндірме жазбада көрініс табуы тиіс мәліметтер тізбесі Ескерту
1. Облыс әкімдігінің  қаулы жобасының атауы Әкімдіктің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 322 «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы.
2. Әзірлеуші – мемлекеттік орган «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ)
3. Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 2 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 426 «Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы» бірлескен шешімі мен қаулысы.
4. Жоба қандай заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің,Үкіметінің актілерін, басқа да актілерді немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіліп отыр «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы
5. Нақты мақсаттар және күтілетін нәтижелердің   мерзімдері Әкімдіктің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 322 «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу.
6. Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік – экономикалық және/немесе құқықтық салдары Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға апарып соқпайды
7. Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар Қаржылық шығындар болжамдалмайды
8. Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері және олар қалай орындалды Барлық қажетті бұрыштамалар бар
9.

 

 

 

Жобада қарастырылған мәселелер бойынша бұрын қандай актілер қабылданды және олар қалай орындалғаны туралы мәліметтер Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» 2019 жылғы 1 тамыздағы 322 қаулысы (2019 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8614 болып тіркелген)
10. Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі Жоба басқа актілерді жобаға сәйкес келтіруді қажет етпейді
11. Өзге де мәліметтер Жоқ

 

«Қостанай облысы әкімдігінің
мәдениет басқармасы» ММ
басшысы                                                                                              Е. Қалмақов

 


Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 322 «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет
ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысынның жобасына бұрынғы және
жаңа редакцияларының салыстырмалы кестесі