Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2009 жылдан бастап денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ауылдық елді мекендердің кадр тапшылығын жоюға бағытталған «Дипломмен ауылға» жобасы жұмыс істейді.

Негізгі мақсаты – жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алған мамандарды ауылда жұмыс істеуге және тұруға тарту.

Жоба аясында мамандарға 70 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы («Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысына «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармақ 1) тармақшасына өзгерістер енгізілді, осыған сәйкес көтерме жәрдемақы мөлшері 70-тен 100 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды) және 15 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,01% – бен 1500 АЕК мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беру арқылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі Ұлттық экономика Министрінің бұйрықтарымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (2014 жылғы 6 қарашадағы №72)  мен стандартында (2015 жылғы 27 наурыздағы № 275),  айқындалған.

Бастапқыда жобада тек әлеуметтік сала  мамандарын әлеуметтік қолдау көзделген («Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» БҒМ ұйрығына сәйкес білім беру саласының мамандықтары). 2012 жылдан бастап жоба ветеринария мамандарымен толықтырылды. 2015 жылы-агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары бойынша(агроном, мал дәрігері, мал фельдшері, мал технигі, зоотехник, балық өсіруші, инженер-технолог, технолог, фермер).

Бұл ретте, келісім бойынша ауылға келген маман ұйымда кемінде 3 жыл жұмысын өтеу керек.

Атап өту керек, мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ауылдық аумақтарды дамыту (аудандар, қалалар әкімдіктерінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері) жөніндегі аудандық уәкілетті органдармен (облыстық маңызы бар қаланың) тегін көрсетілетін мемлекеттік қызмет болып табылады.

Көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие алу үшін маман аудан (қала) әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өтінішпен және Ережеге сәйкес құжаттардың толық тізімімен бірге ұсынылады.

Құжаттар түпнұсқалар және көшірмелер күйінде сәйкестендіру үшін ұсынылады.

Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 3 жұмыс күні ішінде дәлелді жауап жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпаратты, сондай-ақ оларды толтыру үлгілерін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсынан www.economy.gov.kz, «Экономикалық және сауда саясаты» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде немесе аудандар (қалалар) әкімдіктерінің сайттарынан және стенділерінен алуға болады.

Жобада көзделген шаралар өзекті және ауылдың экономикасы мен әлеуметтік саласын одан әрі дамытуға, ауыл тұрғындарының жалпы әл-ауқатын көтеруге ықпал етеді.