2020 жылдың 7 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде танымал қостанайлық суретші-график, кескіндемеші Георгий Соковтың «Антропоморфты геометрия» атты дербес көрмесі ашылды.

Көрмеге ақ-қара графикадағы 41 туынды қойылған, туындылардың көп бөлігі  2019 жылы орындалған. Бұл туындылар қостанайлық көрермендер назарына бірінші рет ұсынылып отыр. Автордың графикалық парақтары гельді қаламмен орындалған қарама-қарсы ақ-қара композициялар. Әрбір парақта – автордың графикалық эстетиканың барлық қағидасын іске асырған  өзіндік көркемсурет коды тәрізді жеке арнау шығармасы. Суретші сызықтар қозғалысын, икемді пішіндерді үйлестіре отырып, күрделі өрнектермен көмкерілген келбет, көз, фигуралар бейнеленген антропоморфты геометриялық фигуралар қатарын  құрайды. Суретші тақырыптары әртүрлі, оны туындылардың «Қуақы», «Ана», «Медиум», «Клеопатра» деген атауларынан байқауға болады.