7 ақпанда «Жастар сарайында» Халықаралық дирижерлар форумы аясында Қазақстанның үздік шығармашылық ұжымдарының қатарына жататын, халықаралық конкурстарының лауреаты Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының орыс халық аспаптар оркестрінің  мерейтойлық концерті өтті. 35 жыл ішінде ұжым өзінің қалыптасуының барлық кезеңдерінен сәтті өтіп қана қоймай, көрермендердің ықыласына бөленді.

Концерт орыс халық аспаптары оркестрінің негізін құрушысы,  көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қостанай облысының меценаттар клубы сыйлығының лауреаты Анатолий Заруба, Өзбекстанның халық әртісі Фарук Садықов, Қостанай облысының Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты Наталья Дамаева, қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері,  «Алтын таяқша» (Талдықорған қ.) номинациясы бойынша бірінші орын иегері Берік Оразалиннің және т.б. басшылығымен өтті.

Облыстық филармония сахнасында Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор, өнертану кандидаты, көркемдік жетекшісі және Леонид Беззубов атындағы Түмен Орыс халық аспаптар  оркестрінің, «Садко» муниципалдық оркестрінің бас дирижері Владимир Иванович Лавришиннің жетекшілігімен оркестрдің орындауында Александр Прибыловтың «Серуенде» композициясы орындалды. Ән тыңдаушылардың жүрегінен орын алды.

Бұл кеште Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік академиялық Үлкен театрдың солисті, бас-баритон Павел Черных көрермендерді бей-жай қалдырмады. Ол Михаил Шишкиннің «Ямщик, не гони лошадей», «Живет моя отрада» композициясын орындады. Сондай-ақ, сахнада облыстық филармонияның әртістері: «Мәдениет саласының үздігі» құрметті төс белгісінің иегері Гүлнар Үсенова, Украинаның еңбек сіңірген әртісі, «Мәдениет саласының үздігі» құрметті төс белгісінің иегері Игорь Коропецкий, халықаралық конкурстардың лауреаты Ольга Квитка, облыстық филармонияның солисті Наталья Степанова, «Славянская песня» ансамблі өнер көрсетті.

Дирижерлер форумын Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, профессор, Мәскеу музыкалық қоғамының еңбек сіңірген қайраткері, Гнесиндар атындағы Ресей музыка Академиясының орындаушылық мамандықтары үшін оркестрлік дирижерлау кафедрасының меңгерушісі Борис Ворон аяқтады. Оның жетекшілігімен Халықаралық конкурстардың лауреаты Светлана Шурпикова домрада Цыганковтың өңдеуіндегі «Травушка-муравушка» орыс халық әнін орындады.

«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов барлық қатысушыларды халықаралық дирижерлер форумының аяқталуымен құттықтап, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Сондай-ақ Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның орыс халық аспаптар оркестрінің 35 жылдық мерейтойымен Қазақстандағы Ресей елшілігінің өкілдері Қазақстандағы Ресей Елшілігінің кеңесшісі А.А. Коропченко мен Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің мәдени бағдарламалар директоры К.П. Воробьев құттықтады.