12 ақпанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде мекеме ұжымының «Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасы» ММ басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақовпен есеп беру кездесуі ұйымдастырылды.

Мәжіліске басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Ирканқызы Әзімжанова, ақпараттық қамтамасыз ету және тарихи-мәдени мұраны насихаттау бөлімінің басшысы Әсел Оралбайқызы Мусина қатысты.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Үміт Бламбекқызы Әкімбаева музейдің 2019 жылы атқарған жұмысы және өзекті мәселелер туралы баяндама жасады.

Өткен 2019 жылғы жұмысқа қорытынды жасалып, 2020 жылдың негізгі мәселелері талқыланды.