2020 жылдың 7 ақпанында І. Омаров атындағы Қазақ драма театрының 20 жылдығын мерекелеу аясында Қостанай қаласы қоғамшыларының бастамасымен «Импровизация түні» акциясы өтті.

Ерекше іс-шараның мақсаты: театр туралы нақты түсінік қалыптастыру, көзқарастар мен эмоционалдық жағдайлар және олардың көмегімен жұртшылықтың мақсатты топтарына неғұрлым тиімді ықпал ету; шығармашылық әлеуетті ашуға қолдау көрсету.

Театрмен және өнермен байланысы жоқ адамдар У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклінен үзінділер ойнай отырып, өздерін үлкен сахнада сынап көрді.

Жоба қатысушыларының иелігінде әр адамның рөлге кіре алуы үшін, актерлік өмірдің барлық сәнін сезінуге қажетті барлық нәрсе болды.  Режиссермен жұмыс, кәсіби грим, костюмдер, шығармашылық процесте актерді қоршайтын барлық ұсынымдар ұсынылды.

Қатысушылар: Әлия Баймахан, Әлімхан Мырзахан, Бахытжан Таңатқанұлы, Мөлдір Құбаш, Қымбат Әуезханова, Ғабит Қызыров, Ерхан Барақов, Мекан Жұмабаев, Жандос Файзуллин, Азамат-Айнагүл Игіліковтер, Гүлнәр Нұртазина, Батыр Оспанов, Людмила Круглова, Алена Семенова.

Импровизация соңында қонақтар әсерлерімен бөлісті.