Бұл мереке ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының бастамасымен 2016 жылы ұсынылды. 1 наурыз – барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігі, қайырымдылық пен достығының жарқын мерекесі. Биыл ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен тұспа-тұс келді.

2 наурыз күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алғыс айту күніне арналған «Шексіз алғыс» атты ақпараттық-тақырыптық кеш өтті, оған Қостанай автокөлік колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шара барысында мереке тарихы, елдегі бейбіт өмір үшін қажетті толеранттық дүниетаным мен келісім туралы айтылды. Студенттер Қазақстанда бесінші рет аталып өтілген Алғыс күні мерекесінің шығу тарихы туралы толық мағлұматтар алды.