1. Жалпы ережелер

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс аумағындағы мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы ереженің 1-қосымшасында көрсетілген ведомстваларға ие.
  3. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан орны: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 60-үй.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  11. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін белгіленеді.
  12. Осы ереже «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  13. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
  14. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік басқарманы үйлестіру және қамтамасыз ету.
  2. Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта жаңартуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қолдану;

2) ұлттық құндылықтарға баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

3) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

5) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

6) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

1) театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі саласындағы мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

2) театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай істерін дамыту жөніндегі облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, мәдениет саласындағы астаналық және республикалық маңызы бар қалалар, облыс мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді.

3) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында облыстық (аймақтық) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

4) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуге көмектеседі;

5) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау, және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады;

7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;

8) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

9) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

10) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерін салу, қайта жаңғырту және жөндеу бойынша тапсырысшы болады;

11) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың дамуына ықпал жасайды;

12) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;

13) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

14) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

15) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, консервациялау және жаңғыртуды, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерін пайдалануды және тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-жаңғырту жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте сақтауды қамтамасыз етеді;

16) тиісті аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және ғылыми-жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды көздейді;

17) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың қорғау міндеттемесін бұзғаны туралы нұсқамалар береді, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жасайды;

18) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн тану және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу жөнінде шаралар қабылдайды;

19) жергілікті маңызы тарихи-мәдени мұра ескерткішін мәртебесінен айыру және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығару жөнінде шаралар қабылдайды;

20) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

21) мемориалдық тақта орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары және міндеттері:

1) белгіленген заңнамалық тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсінік беру;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

 

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшылылығын «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Қостанай облысы әкімдігін мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;

4) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, заңнамада белгіленген тәртіппен олармен еңбек шарттар жасайды;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындардың басшыларына тәртіптік жазалар қолданады;

6) мемлекеттік мекеме қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді және бұйрықтар шығарады;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемені мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда білдіреді;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

4. Басқарманың мүлкі

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
  2. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  3. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.