2019 жылдың 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша мемлекеттік желіде 587 мәдениет мекемесі жұмыс атқарады, соның ішінде 349 кітапхана, 219 мәдени-демалыс ұйымдары, 10 мұражай, 4 театр, филармония, 2 кинотеатр, 2 мәдениет және демалыс саябағы.

2019 жылдың 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша Облыстық қөркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы мен облыстық филармония 319 іс-шара өткізді.

Облыстың мұражайлары: 9219 экскурсия, 665 дәріс, 500 көрме, 887 жаппай іс-шаралар өткізді, 2792 экспонат тапсырылды, келушілер саны 345998 адам.

Облыс театрлары 860 спектакльді, оның ішінде 20 премьераны көрсетті.

295 кітапхана компьютерлермен жабдықталған, оның ішінде 130 – Интернет желісіне қосылған. Жыл басынан бері облыс бойынша 333,3 мың оқырман кітапхана қызметін пайдаланды.